Ақтөбеде мас жүргізуші әйел УҰИ-ға жабылды
Ақтөбеде мас жүргізуші әйел УҰИ-ға жабылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 желтоқсан күні сағат 04.00-де патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде М.Шоқай көшесіндегі үйдің ауласында 32 жастағы әйелдің басқаруындағы «SsangYong» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автокөліктен алкогольдің өткір иісі шықты, сондай-ақ полицейлер оның бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын және көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде басқарғанын анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қ.УҰИ-ға қамауға алынды.
Полиция департаменті 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілгенін еске салады. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.