Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қаза болған әріптесінің шаңырағына барды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон бөлімінің қызметкерлері қайтыс болған әріптесінің жанұясына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың тамыз айында өмірден өткен Нұрболат Палжігітов – Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры болған. Еңбек жолын 2011 жылы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінде бастаған ол тоғыз жыл осы салада абыроймен қызмет атқарған.

– Нұрболат Тастемірұлы – елін шексіз сүйген, халқы үшін адал қызмет атқарып, туған жердің тыныштығын қас қақпай қорғаған үлгілі полицей болатын. Әріптестерінің ортасында сыйлы, өз қызметін асқан жауапкершілікпен атқаратын батыл болмысты азаматтың қадірлі бейнесі мәңгі жадымызда сақталады, – Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон бөлімінің бастығы Қанат Айнабеков.

Нұрболат Тастемірұлының қазасын Шымкент қаласы Полиция департаменінің жеке құрамы ауыр қабылдады. Себебі, ауруынан сауығып кетер деген үміт болды. Бүгінде Нұрболаттың артында екі қыз, бір ұлы қалды.

– Отбасымыздың кенжесі де болашақта әке жолын жалғап, құқық қорғау саласында қызмет атқаруды армандайды, – дейді марқұмның жұбайы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру