Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дәрістер өткізілді

Қызылордалық полицейлер оқушылар мен студенттерге арнап бейнедәрістер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қашықтықтан оқыту жағдайында Қызылорда облысының Білім басқармасымен бірлесе отырып, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы оқушылар және студенттерге арналған бейнедәрістер өткізді.

Дәрістерге Қызылорда облысы мектептерінің 8-11 сыныптарының оқушылары, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс студенттері, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты. Полиция қызметкерлері өткізген дәрістерге 50 мыңнан астам адам қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру