Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады
Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылдан басталуы тиіс азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылға ауыстырылатынын хабарлады.
– Короновирустық инфекцияның пандемиясына және covid – 19 туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады. Тиісті өзгерістер «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға енгізілетін болады, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.