Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

61 сотталған азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды

2020 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінде 61 сотталған азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, құқық бұзушылыққа барған бұл азаматтар жыл бойына Алматы ауданы әкімдігі белгілеп берген аумақтарда көше тазалау, ағаш түптерін әктеу, саябақтарды көгалдандыру, бағаналарды сырлау және ұсақ жөндеу жұмыстары секілді т.б. қоғамдық жұмыстарды атқарды.

– Өткен жылы қоғамдық жұмысқа тартылған 61 сотталған азаматтың 33-і есірткі сақтау бабымен жазаға тартылғандар. Қалғандары мас күйінде көлік жүргізгендер, ұсақ ұрлық жасағандар және билік өкілін қорлау бабымен сотталғандар. Олардың ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден жалтарғандары болған жоқ.
Аталған құқық бұзушылық жасаған заматтарды қоғамдық жұмысқа тарта отырып, пробация инспекторлары әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды жүргізді. Осы ретте бұл азаматтарды қайта қателікке бой алдырмайды деп сенеміз, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы Айғаным Алмағамбетова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру