827 млн теңгеден астам қаражат өндірілді
Маңғыстаулық полицейлер 2020 жылы мемлекет пайдасына 827 миллион теңгеден астам қаражат өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департаменттің әкімшілік полиция қызметкерлері 2020 жылы мемлекет пайдасына 827 млн 120 мың теңге өндірді, бұл салынған әкімшілік айыппұлдардың барлық сомасының 75% – ын құрайды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты тіркеу жүйелері 171 миллион теңгеге 17 мың 852 құқық бұзушылықты анықтады, оның 136 миллионы өндірілді, бұл барлық салынған айыппұл сомасының 79,4%-ын құрайды.
Төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы жыл бойы жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, «Борышкер», борышкерлердің пәтерлерін аралау, сондай-ақ борышкерлерге хабарламалар жіберу сияқты жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Сондай-ақ, борышкерлерді анықтайтын, яғни әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарған тұлғаларды анықтайтын бағдарлама орнатылған үш мамандандырылған автокөлік жұмыс істейді.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті тарапынан мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік айыппұлдарды төлеу рәсімдерін жеңілдету бойынша шаралар қабылдануда.
Маңғыстау облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасы қазіргі таңда “egov.kz” электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимде әкімшілік айыппұлдарды төлеу мүмкіндігі бар екенін еске салады.
Cондай-ақ айыппұлдарды «АТФ Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Цеснабанк» АҚ, «ForteBank «АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде және «Қазпочта» АҚ арқылы төлеуге болады.
Бұдан басқа ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігінің жаңа редакциясына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен тіркелген болса, онда айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы нұсқама белгіленген үлгідегі түбіртекпен тиісті түрде жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде айыппұлдың толық сомасының елу пайызын төлеуге болады.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен айыппұл төлеу кезінде азаматтар тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына түбіртек ұсынуы қажет.