Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Психологиялық тренинг өткізілді

Қызылорда облысында жас қызметкерлерге “Мен жауынгермін” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспектор-психологы Дархан Қалбергенов жасаққа жаңадан қабылданған қызметкерлерге “Мен жауынгермін” атты психологиялық тренинг өткізді.

Жас қызметкерлерге экстремалды жағдайларға психологиялық тұрғыда дайын болу, ортақ мақсатқа бірігуге дағдылану, сенімділігін қалыптастыру, стресті ахуалдар мен кикілжіңді жағдайларда салмақтылықты сақтай білу, сонымен қатар әріптестері арасында  коммуникативті дағдыларды қалыптастыру әдістері үйретілді.

Олармен бірге сергіту жаттығулары және қызметкерлердің жауынгерлік рухын көтеру үшін арнайы ойындар ойнатылды. Тренинг барысында жас қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық сақтау және қызметкерлердің бойындағы қорқыныш пен өзіне сенімсіздік күйлерін анықтап қана қоймай, оларды жеңу жолдары бойынша жаттығулар көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру