Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші ұсталды

Екібастұзда мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері барлық адамдар демалып, Жаңа жылды қарсы алған кезде Павлодар облысының полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қаланың жолдары мен көшелеріндегі құқықтық тәртіпті сақтай отырып, тәртіп сақшылары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін көптеген құқық бұзушылықтардың алдын алды.

Мысалы, мереке күндерінің бірінде кешкілік уақытта патрульдік полиция ротасының қызметкерлері М.Әуезов көшесінде «LADA-21723» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгіндеген жүргізушіден спиртті ішімдіктің иісі шығып тұрған, ал медициналық куәландырудың қорытындысы оның орташа деңгейде мас екенін анықтады.

Полиция қызметкерлері оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырды, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

– 2020 жылы көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарған жүргізушілерге қатысты 1 363 әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру