Ер адам зейнеткердің жиған-тергенін қолды қылған
Теміртауда зейнеткердің жинақ ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескі қалалық полиция бөліміне қаланың 79 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Белгісіз адам банк картасынан оның 550 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.
11 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.