Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұры әйел 300 мың теңге ақша жымқырған

Қызылордада сауда үйінде ұрлық жасаған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүкендерде жасалатын ұрлық-қарлықтың басым бөлігі азаматтардың алаңғасарлығының салдарынан орын алады. Қаладағы сауда орталықтарының барлығына жуығы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бейнебақылау камералары ұрлықтардың үлкен бөлігінің ашылуына өз септігін тигізеді.  Дегенмен құнды заттарыңызды назардан тыс қалдыру әдетте ұрылар үшін араңдатушылық фактор болып табылатындығын есте ұстаған жөн.

Мәселен, 2020 жылғы 27 желтоқсанда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының 60 жастағы тұрғыны арызданды. Ол қала орталығындағы сауда үйлерінің бірінде сатушы болып жұмыс істейді. Ұрлық болған күні бутикке кірген белгісіз әйел үстел үстінде пакетке салынған қомақты қаражатты көріп, көп мөлшерде темекі сатып алғысы келетінін айтып, сатушыны алаңдатып, оның қойма бөлмесіне тауар алу үшін шыққанын пайдаланып, 300 000 теңге ақша салынған пакетті қолды еткен.

Бұл факт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қалалық ПБ полиция қызметкерлері бұрын сотталған 35 жастағы жұмыссыз әйелді анықтап, ұстады. Күдікті өз ісін толықтай мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Жинақталған материалдар прокуратураға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру