Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орында дәрет сындырған екі азаматтың әрекеттері бейнебақылау камералары арқылы әшкереленді

Көкшетаулық полицейлер Абылай хан атындағы алаңда дәрет сындырған екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының орталық алаңындағы екі тұрғынның бұзақылық әрекеті Жедел басқару орталығының бейнекамераларының объективіне түсті.

14 қаңтарда шамамен сағат 03:30-да ЖБО бейнебақылау инспекторы мұз қалашығы орналасқан Абылай хан атындағы алаңға қондырылған бейнекамералардың жазбаларына мониторинг жүргізу кезінде еш ойланбастан мұз шыршаның мүсініне дәрет сындырған екі ер адамды байқады.

Оқиға орнына дереу “Әскер-1″экипажы жіберілді. Алаңға келген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала тұрғындарының мас екенін анықтады.

Аталған тәртіп бұзушылар Көкшетау қаласының ПБ әкімшілік ғимаратына жеткізілді, онда оларға қатысты 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұдан басқа полиция қызметкерлері бұзақылармен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру