Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Боранды күндері 500-ден астам автокөлікке жол көрсетілді

Ақмола полицейлері боранды күндері 500-ден астам автокөлікке жол көрсетіп, қауіпсіздіктерін қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Ақмола облысында ауа райы нашарлап, қалың қар түсуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік машиналар автомобильдерге жол көрсетіп, еріп жүрді. Автожолдағы колоннамен патрульдік полиция батальонының бірден 11 экипажы еріп жүрді.

Сонымен қатар ПД бастығының нұсқауы бойынша облыс аумағында елді мекендерден шыға беріс жолдарда, республикалық маңызы бар автожолдарда қызмет атқаратын 60 қызметкер мен 30 бірлік патрульдік автокөліктен тұратын 34 мобильді бекет қойылды.

12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні автожолдарда полицейлер қар құрсауынан 528 бірлік техника мен 1000-нан астам адамды, оның ішінде 10-ға жуық баланы эвакуациялады, жылыту пунктеріне 80-ге жуық адам орналастырылды.

Бұл күні облыс аумағында 22 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда жеті  адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Осыған орай Ақмола облысының Полиция департаменті автокөлік иелеріне жылдамдық режимін сақтауға, қозғалыс бағыттарына түзетулер енгізуге немесе алыс сапарлардан мүлдем бас тартуға кеңес береді.

Сондай-ақ төтенше жағдайға тап болғанда құтқару қызметінің “112” бірыңғай нөміріне немесе “102” арнайы желісіне қоңырау шалу туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру