Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір жарым жыл бұрын ұрланған телефон иесіне қайтарылды

Қызылордалық полицейлер бір жарым жыл бұрын ұрланған ұялы телефонды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылдың 9 маусымында Жалағаш кентінің 21 жастағы тұрғыны  Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне хабарласып, 6 маусымда үйінің ауласында қол жуғыштың үстінде тұрған «Samsung galaxy S-8» маркалы ұялы телефонының ұрланғандығын айтқан. Келтірілген шығын 309 000 теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға кіріп жасалған ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталып, іздестіру жұмыстары жүргізілді.

2021 жылғы 12 қаңтарда аталған ұялы телефонды ұрлаған Жалағаш ауданының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Айғақ зат «Samsung galaxy S-8» маркалы ұялы телефон жәбірленушіге қайтарылды.

Жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру