Бөтен біреудің Газеліне көз тіккен күдікті құрықталды
Теміртауда «Газель» жүк көлігін айдап әкеткен ер адамның ізі суымай ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қаңтарда Қарағанды облысының Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне белгісіз біреудің кәсіпорындардың біріне тиесілі «Газель» жүк көлігін заңсыз айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Көлік жүргізушісі тауарларды сауда нүктелерінің біріне жеткізген кезде, белгісіз біреу оның жоқтығын пайдаланып, көлікке отырып, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде 43 жастағы қала тұрғыны басқарып келе жатқан аталған жүк көлігін тауып, ұстады.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.