Полицейлер жеке күзет ұйымдарымен меморандумға қол қойды
Ақмола облысының полицейлері жеке күзет ұйымдарымен меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдары мен жеке күзет құрылымдарының бір ғана мақсатқа — құқықтық тәртіпті нығайту мен қылмыстың алдын алуға ұмтылатыны баршаға мәлім.
2020 жылы Ақмола облысында күзет құрылымдарының қатысуымен 69 қылмыс ашылған, оның ішінде 47 ұсақ ұрлық, 9 ұрлыққа оқталу, 6 бұзақылық, 5 ұрлық және т.б. бар, сондай-ақ жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері 368 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Облыс бойынша жеке күзет ұйымдары 531 объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Азаматтардың пәтерлері мен түрлі мекемелер орталық бақылау пультімен байланыста. Сонымен қатар, күзет субъектілерінің бір бөлігі жеке күзетпен қамтамасыз етіледі. Көкшетау, Степногорск, Щучинск, Макинск, Ақкөл, Атбасар, Есіл қалаларындағы, Зеренді, Балкашино, Қосшы және Шортанды кенттеріндегі жекелеген пәтерлер кәсіби қорғалған.
Күзет фирмаларының 3289 қызметкері арнайы оқу курсын бітірген және «кәсіби күзетші» біліктілігіне ие. Күзетшілердің басым бөлігін бұрынғы әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлері құрайды.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимылдың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ақмола облысының Полиция департаменті мен мемлекеттік емес күзет қызметі субъектілерінің, орталықтандырылған бақылау пульті оператор-фирмаларының басшылары арасында «Өзара іс-қимыл туралы» меморандум жасалды.
Меморандум аясында көпқабатты үйлер мен халық саны көп тұрғын үй кешендерінің аулаларында жедел әрекет ететін мобильді топтар экипаждарын орналастыру арқылы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күзетшілерді бөле отырып, мобильді топтардың экипаждары қызмет көрсететін болады. Бұл бекітілген тұрғын үйлерде түнгі уақытта мобильді патрульдеу және бес минуттан аспайтын уақыт аралығын сақтай отырып, объектіге рұқсатсыз кіру фактісіне тиісті тексеру жүргізілетін болады.
Меморандумға жедел ден қою бойынша мобильді топтары бар 13 жеке күзет ұйымы және облыстың күзет пультінің 18 фирма-операторы қол қойды. Енді қауіпсіздік ұйымдарының мобильді топтары өтініштерге жауап береді және қызмет көрсету аймағындағы қылмыстар мен оқиғаларға бара алады.
10 жыл бұрын Ақмола облысында 90-ға жуық күзет құрылымы болғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда 160-тан астам күзет құрылымы бар, оның 114-і жеке күзет ұйымы, 28-і күзет ұйымдарының филиалы және 23 өкілдігі болып табылады . Олардың барлығы Ақмола облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінде есепте тұр.