Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар жалғасуда
Қызылордалық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шараларды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жыл басынан бері отбасында жанжал шығарып, жанұя шырқын бұзғаны үшін 10 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасын шығарды.
Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында прфилактикалық есептегі, оның ішінде маскүнемдер, нашақорлар санаттары бойынша есепте тұрған тұлғаларды тексеру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Оларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғаларды учаскелік полиция инспекторы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, олармен профилактикалық әңгімелер өткізеді.
Жыл басынан бері жанұя шырқын бұзған бес азаматты учаскелік полиция инспекторлары ем қабылдауға наркологиялық орталыққа жіберді.