Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында интернет-алаяқтыққа қарсы жедел желі телефоны іске қосылды

Павлодар облысында интернет-алаяқтыққа қарсы жедел желі телефоны іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтықтың жиілеп кетуіне байланысты Павлодар қаласының  Полиция басқармасы 8-702-798-25-56 жедел желі телефонын іске қосты.

Осы нөмірге қоңырау шалу арқылы сіз өзіңізді де, отбасыңызды да алаяқтардың қылмыстық қол сұғуынан қорғай аласыз.

Жедел желі телефоны тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.

Егер сізге үлкен ұтыс туралы, ұтыс ойындарына қатысу туралы хабарламалар келіп түссе немесе белгілі бір ақша сомасын аудару туралы өтініш білдірсе, сондай-ақ күдік тудыратын өзге де ақпарат келіп түссе, 8-702-798-25-56 жедел желі телефонына хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру