ШҚО-да түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізу деректерінің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда
ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізу деректерінің алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс жасап, өмірде шалыс басқан жандардың түзелу жолына түсу процесі оң нәтиже беруі үшін ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ–156/15 мекемесінің жеке құрамы бүкіл күш-жігері мен біліктілігін аямай жұмсауда.
Мекемеде жазасын өтеушінің түзелу жолына түсуіне темірдей тәртіп ықпал етеді. Бұл орайда сотталғандардың туған-туыстары да аса маңызды рөл атқарады.
Өкінішке орай еліміздегі індетке қарамастан, мекемеге қысқа мерзімді кездесуге келетін жазасын өтеушінің туыстарының кейде мекеме аумағына тыйым салынған затты жасырын өткізуге талпыну деректері де орын алып жатады.
Алайда мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында мұндай деректердің алдын алу дер кезінде жүзеге асырылады.
Түзеу мекемелерінде жазасын өтеушіге пайдалануға тыйым салынған заттардың тізімі, оларды жасырын алып өтпекші болған сәттердің фото-суреттері орналасқан стендтер, ескертулер барлық жерлерде ілінген.
Мекеме қызметкерлері ауызша, жазбаша ескерту жасап, келушілерді мекеме тәртібімен толық таныстырғаннан кейін, оларды толық тексеру басталады. Бірде-бір тыйым салынған зат мекеме қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайды.
2020 жылы түзеу мекемесінің аумағына сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынудың бес дерегі анықталып, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік жазаға тартылды.
Мекеменің тексеру тобының қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қою әлі де жалғасын таба береді.