Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талғар ауданының тәртіп сақшылары жоғалып кеткен жасөспірімді тапты

Талғар ауданының тәртіп сақшылары мектептен шығып, үйіне оралмаған жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар ауданының 50 жастағы тұрғыны 25 қаңтар күні түнде полицияға телефон шалып, таңертең мектепке кеткен 16 жастағы қызының үйіне оралмағанын хабарлаған. Перзентінің қайда екенін білмеген ана «түнге дейін оралатын шығар» деген үмітпен күткенін, алайда кәмілетке толмаған қызынан хабар ала алмағанын айтқан.

– Жасөспірімді іздеу жұмыстарына полицияның жеке құрамы толығымен жұмылдырылды. Қыздың мектептегі сабақтан ерте сұранып кеткені, бірақ үйге бармағаны белгілі болды. Қыздың мекенжайын анықтау шараларына полициямен қатар, мектеп мұғалімдері, еріктілер мен туыстары қатысты. Іздеудегі қыз 26 қаңтарда түнде қала көшесінде келе жатқанда аман-есен табылды. Жергілікті полицейлер осы уақыт аралығында жасөспірімнің қайда болғанын анықтауда, – деді Талғар АПБ бастығының міндетін атқарушы Нұржан Күнтүнов.

Тексеру барысында жасөспіріммен және оның анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үйден кетіп қалудың соңы жақсылыққа апармайтыны айтылды. Ювеналды полицейлер бойжетіп қалған аруды арнайы есепке алды.

Қазіргі уақытта кәмілетке толмаған жасөспіріммен психологтар тиісті жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру