Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанда ұрлық саны екі есеге азайды

2020 жылы елде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Соның ішінде тіркелген ұрлық саны екі есеге азайды. Ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев ІІМ алқа отырысында өткен жылдың қорытындыларымен бөлісті. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Елдегі пәтер ұрлығының көрсеткіші 63%-ға төмендеді. ІІМ қылмыстың осы түрімен күресуге ерекше көңіл бөледі. Тәртіп сақшылары арнайы әзірленген бағдарлама бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Полиция кепілге қойылған мүлік туралы хабар алып отыру үшін несие бюросымен және ломбардтармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ұрланған заттарды, ет пен жануарлардың терісін сатуға болатын жерлерді үнемі қадағалап отырады.

Бір ғана Павлодар облысында ұрлықтың ашылуы 62,6%-ды құрады. Облыс аумағында 5569 бейнебақылау камерасы орнатылған. Тұрғындарды аралау аясында учаскелік полиция инспекторлары ұрлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 40 мыңнан астам жадынаманы, оның ішінде 25 мыңнан астам пәтер ұрлығы және 15 мың мал ұрлығы туралы жадынаманы табыс етті.

«Тұрғындарды үйден шыққан кезде есіктер мен терезелерді жабуға, өз мүлкіне мұқият болуға шақырамыз. Автокөліктердің де есіктерін жабуды естен шығармаңыз. Осылайша сіз ұрлықтың алдын ала аласыз», – дейді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру