Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз көлік айдап әкеткен азамат ұсталды

Шымкент қаласының полицейлері көлікті аңсыз айдап әкеткен күдікті азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 қаңтарында сағат 13:51 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісі Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан автотұрақта тұрған “Ауди” маркалы автокөлікті заңсыз айдап әкеткен тұлғаны анықтау және ұстау үшін патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдерге бағдар берген.

Арада шамамен 20 минут өткенде Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің 9-рота қызметкерлері Ерлан Қалдаров, Аманғали Түйешиев және Айбек Қасымовтар Рысқұлов пен Адырбеков көшелерінің қиылысында іздеудегі автокөлікті анықтады.

Ұстау барысында жүргізуші қашуға тырысқанымен, ұсталып, полицияға жеткізілді. Автокөлік алынды.

ҚР ҚК-нің 200-бабында автокөлікті заңсыз айдап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмысты жасағаны үшін бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тергеу барысында 24 жастағы азаматтың осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Оның нәтижесі бойынша азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру