Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері қылмыстарды ашудағы иттердің көмегі туралы айтып берді

ҚР ІІМ Кинологиялық қызмет орталығы қылмысқа қарсы күреске, құқық бұзушылықтардың түрлерін анықтауға көмек көрсетуге өз үлесін қосуды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі жағдайда, техникалық құралдардың айтарлықтай дамығанына және қолданылатынына қарамастан, қызметтік-іздестіру иттері құқық бұзушылықтармен күрес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша полицияның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті қызметінде кеңінен қолданылады.

Кинологиялық қызмет құқық қорғау органдарының барлығында бар, бірақ оның кең профилі ішкі істер органдарында қолданылады. Полицейлер үйретілген асыл тұқымды иттерді іздеу шараларына, күзет қызметіне және одорологиялық сараптамалар өткізуге пайдаланады.

Із кесуші иттер жарылғыш заттарды, есірткі құралдарын іздеуге және табуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларына және қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысады. Сонымен қатар, полицейлерде қарулы қылмыскерлерді ұстау үшін экстремалды жағдайларға үйретілген шабуылдаушы иттер бар.

– Әрбір қызметтің ерекшелігіне байланысты түрлі иттер жұмыс істейтінін, яғни күшік кезінде төрт аяқты көмекшілерді арнайы кинологтар өз бағыты бойынша жаттықтыратынын есте ұстаған жөн. Оқытудың бастапқы кезеңдерінде олардың мінездері мен қабілеттері бойынша таңдау жасалады. Бірінші кезең – иттің кинологтарға, жаттықтырушыға үйренісуі. Бұл деңгейде иттің дайындық деңгейі ескерілмейді, ең бастысы – байланыс, яғни жаттықтырушы мен оның өзара әрекеттесуі. Байланыс орнатылғаннан кейін, олар жалпы дайындық курсын бастайды. Кинолог қалай жұмыс істесе іздестіру иттері де дәл солай жұмыс істейтін болады. Олар шартты түрде бірге болуы керек, ауамен бірдей тыныстап, бірдей тамақ ішуі тиіс. Бірге ұйықтап, бірге жүруі керек. Барлығы қарапайым дағдыдан күрделі дағдыға қарай қалыптастырылады. Төрт аяқты көмекшіні толыққанды полиция қызметкері деп атауға болады. ҚР ІІМ КҚО негізінде кинологтардың өзін және олардың төрт аяқты серіктестерін оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Иттерді қызмет көрсету түріне байланысты екі айдан үш айға дейін жаттықтырады. Жаттығу кезеңі жануарлардың тоғыз айлығынан басталады. Қызметтік-іздестіру иттері 10 жасында “зейнетке” кетеді , – деді ҚР ІІМ КҚО бастығы Анель Болгумбаева.

Әрбір аумақтық полиция бөлімінде оқиға орнына қызметтік итімен бірге баратын кинолог болады, олар алға қойылған міндеттерге байланысты түрлі бағытта жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру