Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінде сотталған азаматтар күніне 500-ге жуық нан пісіреді

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінде сотталғандарды нанмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін наубайхана бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наубайханада тоғыз сотталған азамат жұмыс істейді, олардың барлығы аспазшылық курс оқыған. Олар кезектесіп, екі ауысымда жұмыс істейді.

Мекеменің наубайханасында қамыр илеуге арналған жабдықтар, нан пісіруге арналған пештер мен шкафтар бар.

Наубайхана мекеменің асханасын ғана емес, сонымен қатар Семей қаласындағы ОВ-156/16 коныс-қолониясында нан өнімдерімен толық қамтамасыз етеді.  Сотталған азаматтар күн сайын барлық нормалар мен талаптарға сәйкес 500-ге жуық нан пісірсе, оның 240-ы қоныс- колониясына жіберіледі.

– Барлық адамдар нанға зәру, сондықтан бұл жұмыс мен үшін табысты. Өзімнің қажырлы еңбегімнің арқасында нан пісірудің құпияларын үйрендім. Мысалы, бір қап ұннан қанша бөлке нан алуға болады және оған қосымша қанша су, ашытқы және тұз сияқты компоненттер керек екенін бес саусағымдай білемін. Менің мұнда тұрақты жалақым бар. Наубайханадағы жұмысымның арқасында мен отбасыма және ата-анама көмектесемін, – дейді жұмыс істеп жатқан сотталған азаматтардың бірі.

– Өндірісті дамытудың басты мақсаты –  сотталғандардың бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға тез бейімделуіне қажетті еңбек дағдыларын дамыту, – дейді мекеме бастығы Роллан Жумажанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру