Маңғыстауда жұмысқа орналастыру туралы уәде берген алаяқ жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге алған
Маңғыстау полицейлері жұмысқа тұрғызамын деген желеумен жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге алған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнеу аудандық полиция бөліміне жұмысқа орналастырамын деген уәде беріп, 350 мың теңге көлеміндегі ақша қаражатын иемденіп, қайтармай жүрген ер адамға қатысты шара қабылдау туралы арызбен Бейнеу ауылының тұрғыны жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде осы ауданның тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.