Тараздық полицейлер қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады
Тараздық полицейлер қарақшылық жасаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға облыс орталығының 55 жастағы тұрғыны пышақ тәрізді затпен қорқытып, құны 61 мың теңге тұратын «Redmi 8» маркалы ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткен бұзақыны ұстау туралы өтінішпен жүгінді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 43 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ер адам өз кінәсін толық мойындады, ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.