Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар Тараздағы сыртқы бақылау камералары арқылы анықталды

Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар Тараздағы сыртқы бақылау камералары арқылы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 21 қаңтарында Қазыбек би көшесі бойындағы Тараз қ. Полиция басқармасы жедел басқару орталығының сырттай бақылау камераларымен «Ауди» маркалы автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі бойынша тіркелді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Егер жол жүру ережелерінде тыйым салынған, оның ішінде бұрылыспен немесе бұрылыспен ұштасқан жағдайларда жолдың жүру бөлігінің қарсы қозғалысқа арналған жағына шығу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жамбыл даңғылының бойымен «ВАЗ» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың жүру бөлігіндегі қарама-қарсы қозғалысқа арналған жаққа шыққан, ол жоғарыда аталған бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2021 жылдғың 23 қаңтарында Жамбыл даңғылы мен К.Әзірбаев көшесінің қиылысында «Лада» автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кеткен, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Төле би көшесінде «Мерседес» маркалы автокөлік жүргізушісінің жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, оның алдыңғы бөлігінде арнайы жарық сигналдарын беруге арналған құрылғы орнатылған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, аталған құрылғы тәркіленді.

Сейфуллин көшесімен «Лексус» автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кеткен. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына жүріп өту), ол 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сондай – ақ, Байзақ батыр көшесі мен Жамбыл даңғылы бойында темекі тұқылдарын лақтыру деректері тіркелді. Ер адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі (Жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін сақтауды ескертеді. Есіңізде болсын, осындай құқық бұзушылықтарды жасаған кезде Сіз өз өміріңізге ғана емес, сонымен қатар басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне де қауіп төндіресіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру