Ақтөбе қаласының аумағында «Көлікті айдап әкету» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде
Ағымдағы жылдың 26-29 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласының аумағында «Көлікті айдап әкету» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның мақсаты – техникалық қызмет көрсету станцияларын, автотұрақтарда ұрланған автокөліктердің болуын, қала аумағында орналасқан авто бөлшектерді тексеру.
Бұдан басқа, алдын алу мақсатында ұрланған автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді сатып алумен және өткізумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша «ОЛХ», «Колеса» онлайн хабарламаларын қарастыру.
Сонымен қатар, өткен жылы 13 автокөлік ұрланды, сондай-ақ автокөліктен ұрлаудың 18 дерегі тіркелді.
Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері автокөліктерді ұрлауға байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және анықтау бойынша ауқымды шаралар жүргізуде.
Бірақ бұл ретте қала тұрғындарының сақ болуын, автокөліктердің есіктерін, жеке заттарын қараусыз қалдырмауын, ұрлыққа қарсы құрылғылар орнатуын ескерткім келеді.
Автокөліктерді көлік тұрағына қойған кезде бейнебақылау камераларының жақын жерге қоюға тырысу керек.