Полицейлер шымкенттік жалғыз басты анаға көмек көрсетті
Шымкенттік полицейлер жалғыз басты анаға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасы жедел-криминалистикалық бөлімінің қызметкерлері жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Шымкент қаласы Гагарин көшесінің тұрғыны Мөлдір Құрмантаева екі баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана. Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мұндай қайырылымдылық шараларын бір рет қана емес, жыл он екі ай көп балалы және жалғызбасты аналардың отбасы мүшелеріне үнемі көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.