Қарасай ауданының пробация қызметкерлері сенбілік өткізді
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты Қарасай аудандық пробация бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері "Менің таза қалам" атты сенбілік өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тазалық жұмыстары Қаскелең өзенінің жағалауында жүргізілді. Жастар өзен жағалауын қоқыстан тазартып, аумақты көркейтуге өз үлестерін қосты.
- Бұл шараның мақсаты – жастарды тазалыққа үйрету, Отанымыздың гүлденуіне және көркеюіне үлестерін қосуға талпыныстарын арттыру, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу. Еліміздің көрікті жерлерін қоқыстан тазартуға бағытталған бұл шара жыл соңына дейін созылады, - деп атап өтті ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Рашид Ержігітов.