Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жоғалған бала сауда үйінен табылды

Алматыда жоғалған бала сауда үйлерінің бірінен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 жаcтағы баланың жоғалып кеткендігі түстен кейін белгілі болды. Баланың анасының айтуынша, ол өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен.

– Балам күндізгі сағат бірлер шамасында жоғалып кетті, ол тұрғын үй кешенінің күзетілетін ойын алаңында ойнап жүрген. Оны өзіміз іздеп табуға тырыстық, алайда оң нәтижеге қол жеткізе алмадық. Тұрғын үй кешені операторының қызметіне жүгіндік, бәрі бекер болды. Баламды маған кешкі сағат 17: 50-де Бостандық ауданының ювеналды полиция инспекторы Динара Мағзумова әкеліп берді. Мен жақсы атқарылған жұмыс үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Әрі қарай да осылай жылдам әрі адал жұмыс істеулеріңізді сұраймын. Рахмет! – деді Алматы қаласының тұрғыны Надежда Яковлева.

Бостандық аудандық Полиция басқармасының хабарлауынша, бала сауда үйлерінің бірінен табылған. Ол өздігінен серуендеуге бел буып, үйден алшақтап, уақытты мүлдем ұмытып кеткен болып шықты.

– Ең бастысы – бала аман-есен табылды. Қазір ол отбасымен бірге. Қала тұрғындарына бір кеңес бергім келеді, егер балалар жоғалып кетсе, уақыт минуттармен саналады, тәуелсіз іздеулермен қатар, іздеу масштабын кеңейту үшін дереу «102» пультіне хабар беру керек. Балалар – біздің қоғамның әлсіз буыны, олар түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда әр минуттың құны алтынға тең, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру