Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері донорлық қан тапсыру акциясын ұйымдастырды

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері донорлық қан тапсыру акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қан орталығына қан компоненттерінің қорын толықтыруға көмектесу үшін  2021 жылғы 2-11 ақпан аралығында донорлық қан тапсыру акциясын ұйымдастырды.

Екінші ақпан күні алғашқылардың бірі болып ШҚО ҚАЖД бастығының орынбасарлары Қанат Зиянов пен Ғалымжан Балтабаев қан тапсырды, осылайша олар қалған еріктілерге үлгі бола білді.

Қан тапсыру акциясына 50-ге жуық қызметкер қатысты.

-Қазіргі қоғамда, өкінішке орай, мейірімділік сияқты қасиетке ие адамдар аз. Адамдар бөтен адамның қайғысына салқын және немқұрайлы қарайды. Бірақ, соған қарамастан, адамдар науқастарға көмектесуге уақыт табады деп ойлаймыз. Барлықтарыңызды игі істер жасауға және бізге қосылуға шақырамыз, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері.

– ШҚО басшылығына ынтымақтастығы және ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Акцияның барлық қатысушыларына қайырымдылығы мен ізгілігі үшін рахмет, – деді Өскемен қан орталығының қызметкері М.Мустафина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру