Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда мас жүргізуші ұсталды

Маңғыстау облысының полицейлері көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, көлік басқарып жүрген мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 24 қаңтарында Қарақия аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Құланды ауылында “ВАЗ-21074” маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша аталған көлікті басқарып келе жатқан 43 жастағы жүргізуші орташа деңгейдегі  алкогольдік масаю күйінде болған.

Сонымен қатар, оның осыған дейін Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін бес жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру