Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық бақташы өзіне сеніп тапсырылған сиырларды қолды еткен

Павлодар облысында өзіне сеніп тапсырылған малды жымқырған бақташы әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал иелері жұмысшыларды таңдағанда абай болу керек. Өйткені оңай олжаға құмар бақташылардың өздеріне сеніп тапсырылған малды жымқыру деректері жиі кездеседі.

– 2021 жылғы 21 қаңтарда Май ауданының полицейлеріне екі сиырының қолды болғаны туралы арызбен жергілікті шаруа қожалығының өкілі жүгінді. Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының қажетті кешені өткізілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері сиыр ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол осы шаруа қожалығының бақташысы болып шықты. Айта кету керек, бақташымен келісімшарт жасалған, шартқа сәйкес ер адам өзіне сеніп тапсырылған мал үшін жауап береді. Сонымен қатар, қазір оның өткен жылдың қыркүйегінде орын алған басқа да мал ұрлығына қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді Май аудандық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Әлем Битенов.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1 (Мал ұрлау ) және 189-баптарымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру