Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда бір ай ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5 мыңға жуық дерегі анықталды

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері бір ай ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзған 5 мыңға жуық құқық бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін ең көп бұзғандар қауіпсіздік белдіктерін тағуға құлықсыз жүргізушілер болып табылады, есеп беру кезеңінде осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 807 жүргізушіге  қатысты әкімшілік хаттама ресімделген.

Құқық бұзушылықтар қатарында көлік құралын басқара отырып, телефонмен сөйлесу деректері де азаймай тұр. Осындай құқық бұзушылық үшін 585 әкімшілік хаттама толтырылып, қарсы жолаққа шығудың 7 дерегі анықталған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудан жаяу жүргіншілер де қалыспайды. Бір айдың ішінде жаяу жүргіншілерге қатысты 319 хаттама толтырылған. 141 жүргізуші жаяу жүргіншілердің жүрісіне басымдық бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге, әсіресе қолайсыз ауа-райында және қараңғыда мұқият болу керектігін еске салады. Ал жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелінің алдында жылдамдықты барынша азайту керек, себебі жолға балалардың күтпеген жерден шығу ықтималдығын естен шығаруға болмайды.

Көлік тізгініне масаң күйде отыру да азаймай тұр.

– Адамдар мас күйінде көлік басқару туралы шешім қабылдаған кезде басқа адамдардың өмірі туралы ойламайды. Кейде мұндай немқұрайлық жүргізушінің өзінің де, оның салғырттығының құрбандарының да тағдырына балта шабатын қайғы-қасіреттің себебі болып жатады, – деп атап өтті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Өңірде жыл басынан бері 40 жүргізуші көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру