Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының аумағында “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Қостанай облысының аумағында “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 1-5 ақпан аралығында Қостанай облысының аумағында шетелдіктердің өңірде болуына тиісті бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел аумағында құқықтық мәртебесі реттелмеген шетелдіктер тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мен жолын кесуге, сот шешімін орындамаған шетелдіктерді елден шығарып жіберуді қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілерін анықтауға бағытталған “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде елде белгіленген мерзімнен (1 жылдан астам) заңсыз жүрген 10 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың екеуі Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Бұдан басқа шетелдіктердің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін шетелдіктерді қабылдаған 19 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ Жітіқара қаласында Өзбекстан Республикасы азаматының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісі анықталды. Өзбек азаматы да, жұмыс беруші жергілікті тұрғын да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай қаласының ПБ көші-қон қызметкерлері “Даму” қоғамдық қорымен бірлесіп, облыс аумағында 2019 жылғы мамырдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарсыз болған 1976 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматына құқықтық мәртебесін реттеуге, сондай-ақ еліне қайтуға көмек көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру