Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік жуу орталығының қызметкері көлік иесінің ақшасын қолды қылған

Қызылордалық полицейлер көлік жуу орталығында орын алған ұрлық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полицейлер көлік жуу орталығында ұрлық жасаған күдікті азаматшаны құрықтады.

Қаңтар айының 24 күні 41 жастағы қала тұрғыны полицияға ұрлық фактісі бойынша арызданды. Арызданушының айтуынша, ол кешкілік уақытта қаладағы автокөлік жуу орталықтарының біріне жууға көлігін қалдырған.

Белгісіз біреу көліктің зат салғышында тұрған әмияннан жәбірленушіге тиесілі 137 000 теңгені қолды еткен. Әминның ішінде 217 000 теңге ақша болған. Жәбірленуші ақшасының басым бөлігінің жоқтығын байқап, дереу Полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласқан.

Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасаған облыс орталығының 1989 жылы туған тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру