Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жазасын өтеп жатқан азаматтар Ұлттық алдын алу тетігінің өкілімен кездесті

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар  Ұлттық алдын алу тетігінің өкілі Максим Кудрявцевпен онлайн форматта кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында сотталғандарға рақымшылық жасау, өтініштерді қарау мерзімдері, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру сияқты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, ұлттық алдын алу тетігінің өкілі сотталған азаматты жеке қабылдады, сотталған азамат оған қатаң режимде ұстау жағдайларына және тәртіптік изоляторға қамау тәртібіне қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Қабылдау барысында сотталған азаматпен профилактикалық сұхбат  өткізіліп, ҚР заңнамасына сәйкес ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді.

– Ұлттық алдын алу тетігінің өкілі жазасын өтеп жатқан азаматтарда туындауы мүмкін сұрақтарды одан әрі талқылау үшін өзінің жеке байланыс нөмірлерін қалдырды. Осындай онлайн форматтағы кездесулерді Алматы облысы бойынша ҚАЖД барлық ведомстволық бағынысты мекемелерінде өткізуді жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру