Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары тағы бір мас жүргізушіні құрықтады

Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан мас күйінде машина айдап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні патрульдік полиция тобының инспекторлары Б.Шәрібеков пен Д.Оразмаханов Шиелі кентінтегі Жайлыбаев көшесінің бойында “Ваз-21099” маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен үш жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушінің масаң күйде болғанын байқап, аталған жүргізуші медициналық куәландыруға жеткізілді. Куәландыру нәтижесі бойынша оның көлікті орташа деңгейдегі масаң күйде басқарғаны анықталды.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру