Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аралда отбасылық жанжалға барған учаскелік инспектор отағасыдан есірткі тәркіледі

Қызылорда облысында отбасылық жанжалға барған учаскелік полиция инспекторы аудан тұрғынының есірткі сақтағанын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қаңтарда сағат 20:50 шамасында Қызылорда облысының ПД Арал аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғынынан отбасылық жанжал орын алғаны туралы хабарлама түскен. 

Шақыртуға барған учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушыны масаңдығын анықтау үшін наркологиялық орталыққа жеткізіп, тексеру барысында оның күртешесінің жеңінен пакетке оралған ерекше иісі бар жасыл түсті зат табылған. 

Сараптама қорытындысына сәйкес ерекше иісі бар зат – жалпы салмағы 56,97 грамды құрайтын  кептірілген марихуана екендігі анықталған.  Сонымен қатар 55 жастағы аудан тұрғынының былтыр осы тектес құқық бұзушылық жасағаны үшін 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру