Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау қаласында жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 25 шетелдік азамат ұсталды

Атырау қаласында тәртіп сақшылары жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 25 шетелдік азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 1-5 ақпан аралығында өтіп жатқан «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 200-ден астам шетелдік азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді  – деді Атырау қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз, Томарлы, Көктем, Ақжар, Еркінқала, Балауса, Жұмыскер, Ракуша, Алғабас, Тасқала, Көкарна, Водников елдімекендеріндегі жеке тұрғын үй секторлары, саяжайлары тексерілді. Нәтижесінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 25 шетелдік азамат Атырау қаласы ПБ-ның қабылдау- тарату орнына жеткізілді.

Аталған санаттағы шетелдік азаматтардың жеке басы анықталғаннан кейін тиісті есептер бойынша олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығы тексеріліп, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын  бұзу деректері бойынша 119 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігіне (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) сәйкес Өзбекстан Республикасының 84 азаматы, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда,  мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) Өзбекстан Республикасының 35 азаматы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-бөлігімен (Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу не олардың Қазақстан Республикасында болуы не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі құқығына құжаттарды ресімдеу жөнінде шаралар қолданбауы) Қазақстан Республикасының 41 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша екі шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру