Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерді анықтауда

Шымкентте жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерді анықтау бойынша рейдтер тұрақты түрде өткізіліп отырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау-қауіпсіздік кепілі. Осы ұстанымды жол қозғалысының әрбір қатысушысы басшылыққа алуы керек.

Шымкент қаласының ПД қызметкерлері жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді.

2021 жылдың 5 ақпанында Абай ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі және патрульдік полиция полкінің қызметкерлері профилактикалық іс-шара барысында Темірлан тас жолы бойында белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен азаматты тоқтатып, аталған азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізді, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) әкімшілік хаттама толтырды.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру