Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейі жергілікті тұрғындармен кездесті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы №28 және №30 учаскелік полиция пункттеріне қарасты әкімшілік аумақтың тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге қатысқан қала тұрғындары полиция басшысына көкейлеріндегі сұрақтарын айтып, нақты жауаптармен қанықты. Полиция қызметкерлері тұрғындарға аулаларға бейнебақылау орнату бойынша ақпараттық брошюраларды таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Департамент басшысы тұрғындарға “Таза қала” акциясының  талаптарын жеткізіп, қала тазалығына және абаттандыру мәселелеріне көңіл бөлу туралы өтініш білдірді.

Бұдан басқа, ол қала аумағына жасанды жол кедергілерін орнату, жарықтандыру, бейнекамералар қою бойынша ұсыныстардың әкімшілікке жолданатынын, сондай-ақ бұл мәселелерді өз бақылауына алатынын айтты.

Сонымен қатар кездесу барысында жергілікті тұрғындар арасынан қоғамдық көмекшілер сайлаудың құқық бұзушылықтардың алдын алуға өз септігін тигізетіні туралы әңгіме қозғалды. Кездесуге келген азаматтар полицияға қоғамдық көмекші болуға қызығушылық танытты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру