Шымкентте карантинді бұзған компьютерлік клуб анықталды
Шымкентте карантинді бұзған компьютерлік клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуді жалғастырып жатыр.
Нәтижесінде іс-шара барысында карантин талаптарын елемей жұмыс істеген «ZEUS» компьютерлік клубы анықталды. Оның ішінде 50-ге жуық адам болды.
Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторлары жиналған әкімшілік құжаттарды карантиндік шектеу талаптарын бұзғаны үшін компьютерлік клубтың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады.
Тәртіп сақшылары карантин талаптарын кез келген бұзу жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.і