Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төретамда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 ақпан күні Төретам кентінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында көлікті басқарып келе жатқан азаматтан алкогольді ішімдіктің иісі шығып тұрған.

Медициналық куәландыру нәтижелері көлік тізгінінде отырған 31 жастағы облыс тұрғынының қатты мас екенін анықтады.

Бұдан басқа аталған азамат 2019 жылғы 5 сәуірде 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, жол қозғалысына басқа да қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру