Түркістан облысының полицейлері тұрғынды құжаттандырды
Түркістан облысының полицейлері құжаты жоқ азаматшаға жаңа жеке куәлік жасап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығына сәйкес, ТО ПД-нің полицейлері «ҚР азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында өткізіліп жатқан акция» негізінде қарқынды қызмет атқаруда. Мысалы, 2021 жылдың қаңтар айында Жетісай АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен жүргізілген іс-шара барысында, жергілікті тұрғын Молдашева Клара мерзімі өткен 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүргендігі анықталды. Сұрастыру барысында белгілі болғандай, Клара Молдашева денсаулығына байланысты және өзіне аса қажет болмаған соң бүгінгі күнге дейін төлқұжатын жасатуға бармай жүрген.
Аталған жайт анықталысымен, тәртіп сақшылары К.Молдашеваның өтінішін алып, оның төлқұжатын жасап беру, көмек көрсету мақсатында іске бірден кіріседі. Содан Жетісай АПБ көші-қон қызметі бөлімшесімен тиісті жұмыстар атқарылып, тұрғынға жеке төлқұжатына құжаттар рәсімделіп, жаңа үлгідегі жеке куәлігі жасалады. Полицейлер дайын құжатты иесіне табыстайды.
Өз кезегінде тұрғын полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі жүргізіліп отырмақ. Сондықтан тәртіп сақшылары кез келген тұрғыған өз құжаттарын заңға сай дұрыс жасауын қадағалауға кеңес береді.