Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүрген жасөспірімдер полицияға жеткізілді

Қызылорда қаласында кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізілетін профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында  6 ақпан күні түнде тұрғынжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 16 жасөспірім анықталып, олардың біреуінің ата-анасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы), қалған 15-інің ата-анасы аталған баптың 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімге спирттік өнім сатқаны үшін Қызылорда қаласында орналасқан дүкендердің біріне ҚР ӘҚБтК-нің  200-бабының 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік хаттама ресімделсе, Қызылорда қаласында орналасқан компьютерлік клубтың меңгерушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуы) әкімшілік хаттама ресімделіп, материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру