Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бір айда 12 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында 2021 жылдың бір айында 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Бір айда 104 миллион теңге көлеміндегі сомаға айыппұл салынды. Қаңтар айында облыс соттары 366 азаматқа қатысты әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды, 3365 азаматқа ескерту жасалды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың тәртібінің төмендігін атап өтті, бүгінгі таңда ең көп құқық бұзушылықтар жүргізушілер тарапынан жасалады. Бір айда өңірде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 7423 дерегіне жол берілген, олар бойынша құқық бұзушыларға 65 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды кез келген құқық бұзушылыққа төзбеуге және қырағы болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру