Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр өңірінде көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан көлік тізгіндеген

Қызылорда облысында көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан көлік басқарып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің анықтау мақсатында өңір аумағында 28 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Мәселен, аталған шара аясында 4 ақпанда Қызылорда қаласының ПБ қызметкерлері Н.Назарбаев даңғылында келе жатқан «Хюндай акцент» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында 30 жастағы жүргізушінің 2019 жылдың желтоқсанында мас күйінде автокөлік басқарғаны үшін сот үкімімен үш жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, тағы да көлік тізгіндегені анықталды.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды. 

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру