Қызылордада танысының қалтасын қаққан азаматша құрықталды
Қызылорда тұрғыны атыраулық танысының қалтасынан 1 200 000 теңгесін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 9 ақпан күні Атырау қаласының 26 жастағы тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызданған.
Ол өз арызында қалаға жеке шаруаларымен келіп, пәтер жалдап тұрғанын, қонаққа келген танысының шкафта ілініп тұрған күртешесінің қалтасынан 1 200 000 теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Бұл факт бойынша өткізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.