Ақтауда ағаш шебері жергілікті тұрғынның 30 мың теңгесін қалтасына басқан
Маңғыстау облысында үстел жасауға тапсырыс қабылдап, жергілікті тұрғынның 30 мың теңгесін қалтасына басқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға жүгінген жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың қараша айында ер адам оған үстел жасауға уәде берген. Жәбірленуші оған алдын ала төлем ретінде 30 000 теңге көлемінде ақша берген. Алайда, арада айлар өткенімен, тапсырысы орындалмаған жәбірленуші полицияға жүгінген.
Алаяқты анықтау мақсатында өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтап, полицияға жеткізді.
Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.